Павлодарда төбеден түсе алмаған зейнеткер құтқарылды

Павлодарда  төбеден түсе алмаған зейнеткер құтқарылды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Ол өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 маусымда 101 кезекшісінен 1940 жылғы қарт адам жеке тұрғын үйдің төбесіне көтеріліп, өздігінен түсе алмайтындығы туралы хабарлама  түскен. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар полиция қызметкері мен көршілердің қатысуымен баспалдақ қойып, қарт адамды құрал-жабдықтың көмегімен төменге түсірген.