Екібастұзда өрт кезінде екі адам зардап шекті

Екібастұзда  өрт кезінде екі адам зардап шекті

Зардап шеккендер жану өнімдерімен уланған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыру Матросов көшесі, 9 мекенжайы бойынша   сағат 16:24-те түскен.

–  «103» бригадасы оқиға орнында бес минуттан кейін болды. 1961 және 1992 жылы туған екі адам зардап шекті.  Олар Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, – деді станцияда. 

Бұған дейін куәгерлер ekibas_online қалалық Instagram-парақшасында өрт орнынан бейнеролик жариялаған болатын.