«ERG Run Fest»: Париж Олимпиадасының қатысушысы ақсулықтармен жүгірді

«ERG Run Fest»: Париж Олимпиадасының қатысушысы ақсулықтармен жүгірді
Фото: «ERG» компаниясы

Ақсу қаласында жүгіру фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ERG» компаниялар тобы ұйымдастырған «ERG Run Fest» корпоративтік іс-шарасы – түрлі қашықтыққа жүгіру жарыстарының кешені болып табылатын жарқын спорттық-бұқаралық қайырымдылық жүгіру мерекесі.

Аталмыш компания қайырымдылықты іске асыруға, спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық жетістіктердің өсуін ынталандыруға, балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға бағытталған. Спорттық фестивальге 1100-ға адам жиналды. Сондай-ақ, 400 жас спортшы қатысты.

– Бүгін – қаламызда ерекше күн. Фестивальге белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. «ERG» компаниясы дәстүрлі түрде жүгіру марафонын ұйымдастырады. Жыл сайын қатысушылардың саны артуда. Спорттың дамуына үлес қосқандарыңыз үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз, – дейді Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов.

Биыл спорттық фестивальге Париждегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Екатерина Шабалина қатысуда. Ол күйеуі, айронменнен «ТМД-ның рекордшысы Иван Тутукинмен бірге қолдау көрсетуді шешті. Иван Тутукин 21 км қашықтықта, ал Екатерина Шабалина 5 км қашықтықта жүгірді.

– Парижден кейін өзіме демалыс жариялап, бес аптаның ішінде екі рет жүгірдім. Қазір де 5 км шақырымда бағымды сынадым. Ұйымдастырылуы –   өте керемет. Мереке үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Осында келгеніме қуаныштымын, – дейді Екатерина Шабалина. 

Қатысушыларға жасы және дайындық деңгейіне байланысты бәсекеге қабілетті 3 км, 5 км, 10 км, 21 км тәртіп қашықтықтары қол жетімді болды. Олар кестеге сәйкес тиісті қашықтықта жүгірді. 3 шақырымдық жеке жарысқа 14 жастан асқан әуесқойлар, 5 шақырымдық жеке жарысқа 14 жастан асқан әуесқойлар, 10 шақырымдық жеке жарысқа 16 жастан асқан әуесқойлар, 21 шақырымдық жеке жарысқа 18 жастан асқан әуесқойлар,  сондай-ақ балалар жарысына 6 жастан 13 жасқа дейінгі жас бүлдіршіндер қатысты.

– Бүгінгі күн – жай ғана жүгіру емес, дәстүрге айналар бірлік пен жақсылыққа ұмтылу мерекесі. Биыл алғаш рет 3 км қашықтықта жүгіремін. Әріптестерімді салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға ынталандырады деген ойдамын, – дейді «Энергетика» дивизионының бас операциялық директоры, «Еуразиялық энергетикалық корпорациясының» АҚ бас директоры  Дүйсен Мерғалиев.

Директордың сөзінше, фестиваль оның спортпен жүйелі түрде айналысуына себепші болуы мүмкін. 

– «ERG» компаниясы – Ақсу қаласының спорттық инфрақұрылымын дамытумен айналысады. Бұл – Ақсудың спорттық, салауатты болашағына қосқан үлесіміз. Баршаңызға жетістік, биік шыңдар, жарқын жеңістер тілеймін. Күшіміз – бірлікте, біз – Ақсу қаласының болашағымыз, – дейді ол.

Фестиваль 2017 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. ERG қызметкерлері үшін қайырымдылық жүгіру жарнасы 1000 теңгені, қызметкерлер үшін 5000 теңгені құрады. Барлық ақша моноқалалардағы объектілерді реконструкциялауға, яғни спорттық саланың қайырымдылық жарыстарына, балалар спортын қолдауға жіберіледі.

Жолдағы қашықтықтардың барлығы тұйық шеңбермен жабдықталған. Басталуы және мәресі – бір аумақта. Трассаның жабыны – асфальт. 

Әрбір жеке жарыста жеңімпаздар қашықтықты өту уақытына қарай анықталды. (ату уақыты мен мәре сызығын кесіп өту арасындағы айырмашылық; gun time).

– Мен бұл жарыстарға жиі қатысамын, денені шынықтыруға тырысамын. Маған сенімділік, әлі де күш-жігер бар деген сезім береді. Эмоциялар мен жеңісті күтемін. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, – дейді  «ERG» электр станциясының бас эколог маманы Нұрия Темірболатова.

Сондай-ақ, әр қашықтықта (5, 10, 21 км) абсолютті біріншілікте жас санаттары бойынша ерлер және әйелдер арасында жеке жүлделі орындарға (1-3 орын) ие болған қатысушылар грамотамен, медальмен және ақшалай сертификатпен марапатталды. Нақтырақ айтқанда, 5 км қашықтықта бірінші орын иегері атанған Серік Айтказин – 30 мың теңге, екінші орын иегері Арман Тұрсұнов – 25 мың теңге, үшінші орын иегері Екатерина Шабалина – 20 мың теңге ұтып алды. Ал 10 км абсолютті қашықтықта бірінші орын алған Руслан Бекешов – 50 мың теңге, екінші орын алған Еркебұлан Ахмадиев – 40 мың теңге және үшінші орын алған Рустам Мұратов – 30 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. 21 км абсолютті қашықтықта бірінші орын иегері Әкім Еркебай – 70 мың теңге,  екінші орын иегері Иван Тутукин – 60 мың теңге, ал үшінші орын иегері  Павел Овтсынов –  50 мың теңге жеңіп алды.

– Мен – математика мұғалімімін. Өз басым жүгіруге әуеспін. Жүгіру марафондарына жиі қатысамын. Бүгінгі іс-шара жоғары деңгейде өтуде. Жол, ұйымдастырылуы керемет. Бізге жүгіретін барлық жолдарды түзу нұсқап көрсетті, түсіндірді. Келесі фестивальдерді асыға күтудемін, –  дейді 21 км мәреге алғаш жеткен Астана қаласының 35 жастағы қатысушысы Әкім Еркебай.

Барлық мәреге жеткен жеке қатысушыларға барлық қашықтықтағы жарыстарда естелік медаль мен финишердің футболкасы табыс етілді. 

– Жүгіру акциясы қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты насихаттау үшін Ақсу, Рудный, Хромтау сияқты моноқалаларда дәстүрлі түрде өткізіледі. Біздің қызметкерлер осында тұрады және жұмыс істейді, – дейді «Еуразиялық Топ» ЖШС Корпоративтік коммуникация менеджері Қамбар Мұқашев.

Мерекелік іс-шарада қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама, ойын-сауық бағдарламалары және викториналар ұсынылды. 

Сонымен қатар, «ERG Run Fest» атты спорттық іс-шараға балаларымен бірге келген екі құрбы да белсене қатысты.

– Бүгін қызым екеуміз келдік. Өзім кәсіпкермін. «ERG Run Fest» жайында инстаграм арқылы білдім. Жыл басынан бері жүгірумен айналысамын. Сөйтіп, марафондар жайлы ақпарат іздей бастадым. Бұл спорттық іс-шарадан күш-қуат алғым келеді, жаңа энергиямен толамын, Айша қызыма да үлгі боламын деп ойлаймын, – дейді қатысушы Әсемгүл Жанғазы.

Ал 33 жастағы қатысушысы Гүлнар Сүлейменова бүгінгі жиынға тоғыз жасар ұлымен бірге қатысуда.

– Өзім үшін үйге жақын аудандарда жүгіріп жүрдім. Құрбым ұсыныс білдіргеннен кейін, қуана қолдадық. Ұйымдастырушылардан әлі де осындай жиындарды күтеміз – дейді ол.

Іс-шара жайлы инстаграм желісі білген келесі қатысушы – 3 км қашықтықта жүгірген 42 жастағы қатысушы Айбике Жапарова. 

– Ақсу – менің туған қалам. Қала көшелері арасында асықпай 3 км қашықтықта жүгірейін деп жатырмын. Бұл – кезекті төртінші рет жүгіруім. Неге 3 км қашықтықты таңдады десеңіз, әліме қарай қарадым, – дейді ол.

Оның айтуынша, жүгірумен айналысатын адам – артық ойлардан арылады. Спикер «Қамқор Вагон» ЖШС экономисті болып қызмет атқарады. Бүгінде –  үш баланың анасы. 

– Осындай салауатты өмір салтын ұстануға арналған спорттық іс-шаралардың болғаны қуантады, – дейді Айбике Жапарова. 

Сондай-ақ, мерекелік іс-шарада қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама, ойын-сауық бағдарламалары және викториналар ұсынылды. 

Айта кетейік, «ERG» компаниясының логотипі хоккейден әлем чемпионаты, Париждегі Олимпиадалық іріктеуде сияқты әлемдегі ең ірі спорттық іс-шараларда көрініс тапты. Үздік құрамалар «ERG» логотипімен мұз айдынына шықты. 2024 жылы «ERG Көмек» демеушілігімен 2010-2011 жылы туған балаларға арналған ERG team хоккей балалар жасөспірімдер командасы құрылды. Команда жасөспірімдер командалары арасында хоккейден Қазақстан чемпионатында, ең мықтылардың қатарында өнер көрсететін болады.

Жарнама материалы