Ертіс ауданында көкпар қарқынды дамып келеді
Мұнда ауданның үздік шабандоздары өз құрама командасын құрды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертістіктердің арасында көкпарды жанына серік еткен әрі аудандағы ең мықты командалардың бірі Сілеті ауылдық округінде орналасқан. Соңғы үш жылда команда тек аудандық жарыстарда ғана емес, аймақаралық деңгейде де үзік атанып, жеңіске жетіп жүр.
Көкпар ойындары спортшылардың бастамасымен және жергілікті биліктің қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Оған құрамында барлық ауылдардан тәжірибелі шабандоздар бар командалар қатысады. Командаға спорттық киім-кешек пен қажетті бұйымдар сатып алынды.
Команданың алғашқы ресми бастамасы көкпардан өтетін облыстық чемпионаты болмақ.
- Жаттығулар күніне екі рет өткізіледі. Таңертең біз жергілікті мектептің жаттығу залында, ал кешке атпен жаттығамыз. Қазір негізгі командада әр түрлі жастағы 12 спортшы бар. Көбінің тәжірибесі мен марапаттары жеткілікті, - дейді спорт нұсқаушысы Сатыбалды Жүсіппаев.
Оның айтуынша, балалар турнирлер мен ел чемпионатында жеңіске жетуге бек дайын.