Павлодарда автобуста құлаған зейнеткер екі қабырғасын сындырды

Павлодарда автобуста құлаған зейнеткер екі қабырғасын сындырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дәрігерлер зардап шеккен тұрғынның жағдайы жайлы айтып берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желідегі @tipavlo.dar парақшасында автобус кенеттен тоқтап қалғандықтан, бір зейнеткер құлап, бірнеше жарақат алғаны туралы ақпарат жарияланды. 

Хабарлама авторының айтуынша, зейнеткер сүрініп кеткен сәтте оның үстіне басқа да жолаушылар құлап түскен. 

№1 қалалық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, 77 жастағы тұрғынның жағдайы орташа. Ол жабық кеуде жарақаты, сол жақтағы екі қабырғаның сынуы, кеуде омыртқасының жарақаты  диагноздарымен ауруханаға түсті.