«Ертіс» футбол клубы жанкүйерлерін Семейге апарады
Жол ақысын төлеудің қажеті жоқ, бірақ бірнеше талаптар бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
14 тамызда павлодарлық футбол клубы «Елімай М» командасымен ойнайды. Матч Семей стадионында өтетіндіктен, «Ертіс» өз жанкүйерлері үшін транспорт ұйымдастыруды жөн көрді.
Автобус Павлодардан 14 тамыз күні сағат 10:00-де Толстой көшесі, 28 мекенжайындағы «Юность» аренасынан жолға шығады. Жанкүйерлер матчтан кейін бірден кері қайтатын болады.
Ұйымдастырушылар кәмелетке толмаған жанкүйерлер матчқа тек ата-анасымен ғана бара алатындығын ескертеді. Барлық жанкүйерлер өздерімен бірге жеке куәлігін және ақ және көк түсті киімдерді алып келуі керек.
Өтініштер WhatsApp қосымшасында + 7 775 457 7746 нөмірі арқылы қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, павлодарлық «Ертіс» Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясында екінші орында. 16 ойында клуб 38 ұпай жинады. Қарағандылық «Шахтер М» командасынан бір ұпай артта келеді. Ал «Елімай М» турнир кестесінің сегізінші сатысында тұр.