«Ертіс орманы» резерватында Қызыл кітапқа енген итмұрын өседі

«Ертіс орманы» резерватында Қызыл кітапқа енген итмұрын өседі

Павлов итмұрыны – өте сирек кездесетін шектеулі эндемик түр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше,  итмұрынның бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Биіктігі – 45-60 см, тік бұта, қысқа ине тәрізді тікенектері болады. Жапырақтары кері-жұмыртқа пішінді, саны 5-7. Гүлдері ақшыл-қызғылт. Жемістері ірі,  диаметрі 15-17 мм-ге жетеді, шар тәрізді болады.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде орман резерватында сілеусіннің ағаштарда өрмелеп жүргені түсірілген видео таралған болатын. 2022 жылдың соңында табиғи қорық ормандарында құлақ қалқаны үшбұрышты әрі үшкір 60-тан астам  сілеусін тіркелген.