«Ертіс орманында» фототұзақтар жабайы жануарларды көрсетті
Кадрға сілеусін, қасқыр және түлкі сияқты жыртқыштар ілікті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында биоалуантүрлілікті мониторингілеу барысында орнатылған фототұзақтар жабайы жануарлардың бірегей кадрларын түсірді.
– Бұл фотосуреттер өңір экожүйесінің байлығы мен жануарлар дүниесінің әлі де сақталғанының айғағы. Табиғатты қорғайық – ол біз ойлағаннан да жақын, – деп ескертті резерват әкімшілігі.
Қызықты кадрларға сілеусін, қасқыр және түлкі сияқты жыртқыштар ілінген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram