«Ертіс орманында» оқушылар дәрілік өсімдіктер туралы тың деректерді білді

«Ертіс орманында» оқушылар дәрілік өсімдіктер туралы тың деректерді білді
Фото: pexels.com/Daniel Frese

Орманшылар далалық дәріс өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Биоалуантүрлілік күні аясында «Парктер шеруі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері Шалдай ЖОБМ оқушыларына «Дәрілік өсімдіктер» тақырыбында далалық дәріс өткізді.

–  Қатысушылар дәрілік өсімдіктердің түрлері, олардың қасиеттері мен табиғаттағы рөлі туралы тың мәліметтер алды. Табиғат аясындағы мұндай дәрістер — экологиялық білімді тереңдетудің тамаша тәсілі, – деді «Ертіс орманы» табиғи резерватында.

Іс-шара экологияға бейжай қарамайтын жандарға үлкен әсер қалдырды және табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеді.

Сондай-ақ, акция аясында «Табиғат-ертегі» фотокөрмесінде резерваттың әсем табиғаты бейнеленген ерекше суреттер қойылды.Жасыл орман, жануарлар әлемі, көркем көріністер — барлығы көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Оқушылар көрмені үлкен қызығушылықпен тамашалап, табиғаттың сұлулығына сүйсінді.

Мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.