Ertis Promenade-та қыркүйектің алғашқы аптасында қандай шаралар өтеді

Ertis Promenade-та қыркүйектің алғашқы аптасында қандай шаралар өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Апта соңында қала тұрғындарын қызықты концерт күтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

4 қыркүйекте сағат 20:00 – 21:00 аралығында 55 жастан асқан қатысушыларға арналған «Танцы долголетия» жаттығулары өтеді. 

5 қыркүйекте сағат 19:00-де Актоғай ауданының шығармашылық ұжымдарының концерті болады.

6 қыркүйекте таңғы сағат 9:00 – 10:00 аралығында тағы да «Павлодар на спорте» тренингтері өтеді, ал кешкі сағат 19:00-де Иса Байзақов атындағы облыстық филармония ұйымдастыруымен FANTAISIE MUSICALE «LE NOUVEL AN À PARIS» концерті ұсынылады.

Бағдарламада «Нью-Йорк, Нью-Йорк», «Призрак Оперы», «Ла Ла Ленд», «Юнона и авось», «Анна Каренина» сынды аңызға айналған музыкалық қойлымдардан шығармаларды, сондай-ақ, отандық фильмдерде орындалған композитор Шәмші Қалдаяқовтың сүйікті әндерін түпнұсқа өңдеуде тамашалай аласыздар, – деді Естай атындағы мәдениет сарайының баспасөз қызметі.

7 қыркүйекте сағат 20:00 – 22:00 аралығында 90-жылдар стиліндегі дискотека жалғасады.