«Ертіс орманында» өрт сөндіру үшін тікұшақ қолжетімді болды

Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында Шарбақты ауданының әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сержан Иманқұловтың айтуынша, Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен Шалдай ауылы маңындағы жасанды су қоймасынан тікұшақ арқылы су жеткізу мүмкіндігі жасалды.
– Бұл өрт сөндіру жұмыстарын жедел әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Шалдайдағы авиабаза «Astar AS350B3e» маркалы жаңа тікұшақпен жабдықталды, – деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жуырда аудан басшысы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің Шалдай филиалына жұмыс сапарымен барып, орман шаруашылықтарының өрт қауіпті маусымға дайындығын және арнайы техниканың жай-күйін тексерді.
– Биыл Шалдай филиалы 19 бірлік JAC автокөлігінің базасындағы жылжымалы өрт кешендерімен, сондай-ақ 3 бірлік «МТЗ 92» және 1 бірлік «МТЗ 100» тракторларымен толықты, – деді Сержан Иманқұлов.
Аудан әкімі жерлестерін өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram