«Ертіс орманының» қызметкерлері дрондарды пайдалануды үйренді

«Ертіс орманының» қызметкерлері дрондарды пайдалануды үйренді
Фото: pixabay.com / Powie

Бұл орман күзетін жеңілдетуге көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты баспасөз қызметінің мәліметінше, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі міндеттерді жеңілдету үшін биыл табиғи резерватқа ұшқышсыз ұшатын аппарат алынды.

Бүгін Павлодар ТЖД маманы азаматтық қорғау капитаны резерват қызметкерлеріне дрондарды пайдалану бойынша оқыту жүргізді, – деді резерватта.

Дронның көмегімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін патрульдеу және заңсыз ағаш кесудің, мемлекеттік орман қорында заңсыз құрылыс салудың, өрттің алдын алу, жануарлар есебін жүргізу жұмыстары жүргізіледі.