Павлодарда «Әл-әки» ансамблінің мерейтойы аталып өтеді
Кеште қазақтың әндері мен күйлері шырқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
13 желтоқсанда кешкі сағат 19:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында «Әл-әки» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің 30 жылдығына арналған концерт өтеді.
– Тыңдармандарға қазақтың әндері мен күйлері, сонымен қатар шетел туындылары ұсынылады. Кеш қонақтары талантты әншілер Нұржан Сарқамбаев, Әсем Даутова, Айгүл Жұмағұлова, Гүлдана Ысымтаева болмақ. Концертке кіру – тегін, – деді Естай атындағы мәдениет сарайында.
«Әл-әки» ансамблінің көркемдік жетекшісі – ҚР мәдениет қайраткері Жасқайрат Орынбаев.
Еске сала кетейік, жуырда ғана «Әл-әки» ансамблі Мәскеуде өнер көрсеткен болатын. Ертіс-Баян даласын ән-жырға қосқан домбырашылар Мәскеу төріндегі шарада шабыттарын шалқытып, ерекше күш-қуатпен шарықтады.