Ертіс шаруалары күнбағыс май зауытын салуды сұрап жатыр

Күнбағысты өңдеуге Өскеменге тасығанда, әр рейстен көп ақша кетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байханов Ертіс ауданына барған жұмыс сапары барысында «Уразбаев» шаруа қожалығының басшысымен кездесті. Диқандар майлы дақылдар бағасының өсуіне байланысты оны көбірек еге бастағанын атап өтті. Бірақ соған қарамастан биыл субсидиялар тек тұқымға ғана беріледі.
Облыс әкімі осы ескертуге жауап берді.
– Субсидия бойынша ешқашан ешкім толықтай қанағаттанбайды: біреу малға сұрайды, біреу өсімдікке сұрайды. Субсидия бюджеті 2021 жылы 19 миллиард теңге болатын, қазір 60 миллиардқа жетті. Инвестициялар үш есе өсті деп айтуға болады. Ал өкінішке орай кірістер өспей, қалуда. Бұны біз қарастырайық, – деді Асайын Байханов.
Шаруалар көтерген тағы бір мәселе – күнбағыс өңдейтін зауыттың жоқтығы. Сол себептен олар шикізатты Өскемен қаласындағы зауыттарға тасымалдауға мәжбүр.
– Біз күнбағысты жинап, Өскеменге тасимыз. Ең басынан әрбір тоннадан 30 мың теңге жоғалтамыз. Өскменде 7-8 зауыт бар, бізде бірі де жоқ. Соны екі-үш жыл бойы айтып жүрдік – болмады, – деп шағымданды шаруалар.
Өңір басшысы диқандардың қарсылығымен толықтай келісті.
– Бізде күнбағыс өндіретін зауыт жоқ. Қалқаманда қайта өндеу зауытын саламыз деген ойымыз бар. Қаражат жағынан көмек көрсетеміз, ал оның іске қосуы – кәсіпкерлерге байланысты. Шарбақты ауданында үлкен зауыттың құрылысы қарқынды басталған еді, ол да тоқтап қалды, – деп атап өтті Асайын Байханов.
Облыс әкімі осы мәселелерді елордаға барған кезде көтеріп, істерді аяғына дейін жеткізуге уәде берді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл майлы дақылдар алқабы 63,6 мыңға дейін ұлғайды, оның ішінде тек күнбағыс дақылдары 54 мыңды құрады. Осы жылы жалпы 16 тонна өнім алу жоспарда бар.