Павлодарда көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріле бастады
Фото: Константин Шелков

Бірінші кезекте толығымен дайын үйлер жылуға қосылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 25 қыркүйектен бастап қала әкімдігінің қаулысына сәйкес көпқабатты тұрғын үйлерге кезең-кезеңмен жылу беріле бастады. 

– «Павлодар жылу желілері» ЖШС күзгі-қысқы кезең жұмысына жылу желілері мен жылу тұтынушы қондырғылардың техникалық дайындығы актісі болған жағдайда жылу желілерін кезең-кезеңмен толтыруды және көп қабатты үйлерді орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосуды іске асырады, – делінген хабарламада. 

Тұрғын үйлерді іске қосу кестесіне сәйкес бірінші кезекте жылумен қамту жабдығы 100% дайын көпқабатты тұрғын үйлерге жылу берілетін болады.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйек күні облыс орталығында әлеуметтік нысандарға жылуды бере бастады.