Француз инвесторына хабарлама: Павлодар облысында лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Француз инвесторына хабарлама: Павлодар облысында лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Салық органдары француз инвесторынан жүз миллион теңгені заңсыз өндіріп алуға тырысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асыратын «Air Liquide» француз инвесторының проблемасы анықталды. 

– Павлодар облысының салық органдары француз инвестордың атына 99,8 млн теңге сомасына ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз енгізген. Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс белгілемеген, – деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінде.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша үш күн ішінде хабарлама жойылды. Жол берілген бұзушылық үшін облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс жарияланды. 

Айта кетейік, аталған француз компаниясы өнеркәсіп, денсаулық сақтау және экология үшін газ өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады.