Фуршет, шоу: Екібастұзда алғаш рет еріктілер фестивалі ұйымдастырылады
Сондай-ақ, іс-шарада волонтерлер жайлы кітаптың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы қала тұрғындарын 17 желтоқсан күні «Шаңырақ» мейрамханасында «Ерікті болу – ерлік» фестиваліне қатысуға шақырады.
Кеште би, ән, марапат, фуршет, шоу күтіледі. Сонымен қатар көптен күткен «Волонтерлердің алтын кітабы» кітаптың тұсаукесері өтеді.
Арнайы шақыру арқылы кіруге болады.
Айта кетейік, тікелей эфирді @crmi_ekb парақшасы арқылы тамашалауға болады.