Иманбек танымал әнге жаңа тыныс берді

Иманбек танымал әнге жаңа тыныс берді
Фото: @imanbekmusic

Павлодарлық продюсер әрі диджей Иманбек «В жизни так бывает» атты аңызға айналған трекке ремикс жасады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Музыкант бұл туралы әлеуметтік желілерде жариялады.

Жаңа нұсқасында Иманбек түпнұсқаның таныс лирикасы мен философиялық мәнін сақтап, композицияға заманауи электронды әуен қосты. 

Диджейдің тыңдаушылары ремиксті ыстық ықыласпен қабылдады. Тыңдармандардың айтуынша, бұл трек бірнеше буынды тоғыстырып, жүректерде жылы ностальгиялық сезім оятады.

«Многоточие» тобының түпнұсқа композициясы алғаш рет 1999 жылы орындалып, 2000 жылы жарық көрген «Жизнь и свобода» альбомына енген. Ән тұтас бір буынның гимніне айналды. Бұған гитарист Тюха ұсынған есте қаларлық шынайы «аула романтикасы» себеп болды.

Араға ширек ғасыр салып, Иманбектің ремиксі танымал тректі қайтадан музыкалық кеңістікке шығарып, оған екінші өмір сыйлады.