Павлодарлық аруларды көктем шуағына толы кешке шақырады
Кіру тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының хабарлауынша, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылмақ.
Мерекелік шара 8 наурыз күні сағат 12:00-де Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның концерттік залында өтеді. Кеш барысында көрермендерді көтеріңкі көңіл-күй, әуезді әндер мен ерекше тосын сыйлар күтеді.
Көктемнің ең шуақты мерекесінде аяулы аналар мен нәзік жандыларға арналған бұл концерт – сый-құрмет пен ізгі тілектің жарқын көрінісі болмақ.