Испанияда жексенбі күні парламент сайлауы өтеді
Испанияда жексенбі күні сайлау учаскелері ашылады. Сайлау жазғы демалыс маусымына тұспа-тұс келді. Көпшілік пошта арқылы дауыс беріп қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарт Euronews-ке сілтеме жасап.
Испаниядағы парламент сайлауы жазғы демалыс маусымымен қатар келді. Сайлау учаскелерінде дауыс беру жексенбі күні басталады. Бұл күні көптеген испан азаматы өз үйінен алыста болатын тәрізді. Олардың көпшілігі пошта арқылы таңдау жасап, азаматтық парызын орындағанын мәлімдеді. Мұндай дауыс беру түрі жұмаға дейін жүргізілді.
Премьер-министр социал-демократ Педро Санчес өзінің партиясы аймақтық сайлауда консерваторлардан жеңілгеннен кейін мерзімінен бұрын жалпыұлттық сайлау өткізілетіні туралы жариялаған болатын. Сауалнама қорытындысы бойынша, парламенттегі көпшілік үшін осы екі саяси күш таласпақ.