Қыркүйек айында павлодарлықтарды қаланың бас сахнасында не күтеді

Қыркүйек айында павлодарлықтарды қаланың бас сахнасында не күтеді
Фото: Константин Шелков

Демалыс күндері кино кеші жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Естай атындағы мәдениет сарайының мәліметінше, 4 қыркүйек күні «Ertis Promenade» сахнасында тілек білдірушілер сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін «Top Star» ұжымымен жаттығуға қатыса алады.

6 қыркүйек күні сағат 19:00-де Успен ауданының шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.

7 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 10:00-ге дейін «Top Star» ұжымымен жаттығу, сағат 18:00-ден 19:30-ға дейін «ToU жұлдыздары» атты Торайғыров университетінің шығармашылық концерті, сағат 19:30-дан 20:00-ге дейін бас сахнада Әбдіжаппар Әлқожа өнер көрсетіп, сағат 20:00-де екі сағаттық дискотека басталады.

8 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін «BeStretch.kz» ұжымымен жаттығу өтіп, сағат 19:00-де «Ради будущего» кинофильмінің көрсетілімі жоспарланған.