Көлік өзенге кетті: Павлодарлық құтқарушылар Абай облысына көмекке аттанды
Олар Абай облысына Ертіс өзенінде суға кеткен екі адамды іздеуге көмекке шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеу операциясына төрт құтқарушы және жүзу құралы – эхолоты бар қайық жұмылдырылды.
– Қазіргі уақытта құтқарушылар өзенде іздеу жұмыстарын жүргізуде, – деді департаментте.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтар күні таңғы сағат 06:00-де Семей қаласында, Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жүргізуші жеңіл автокөлікпен бетон қоршаумен соқтығысып, өзенге құлаған болатын. Апат кезінде салонда төрт адам болған.