Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған балаға қатысты тергеу басталды
Осы фактіге қатысты адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 100 – бабы бойынша яғни, "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша жүргізілуде. Осы фактіге қатысы бар адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс – шаралары басталды, - делінген хабарламада.
Аталмыш бап бойынша кінәлі адамды төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы күтілуде.
Еске сала кетейік, облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Бұқар жырау көшесі, 353 мекенжайы бойынша сағат 12:28-де қоқыс жәшігінде нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен. Өкінішке қарай, сәби жан тәсілім еткен.