Көршілері дабыл қақты: Екібастұзда жасөспірімді зорлауы мүмкін
Жас қыздың жағдайына алаңдаған көршілер «НеМолчиKZ» қорына жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Көршілері жасөспірімнің түнгі сағат бірде үйден жалаңаяқ шыққанын камерадан байқаған.
– Қыз бала қатты жылап, үйден жалаңаяқ жүгіріп шығып кетті. Оның артынан отбасынан ешкім шықпады. Әкесі өз қызын зорлауы мүмкін. Балалар қауіпті ортада өмір сүріп жатыр, – деп көршілері әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде дабыл қағуда.
Сондай-ақ көршілері бұл отбасының азғындық өмір салтын ұстанып, үйіне әрдайым мас адамдарды шақыратынын жазған.
Облыстық полиция департаментінде бұған қатысты түсініктеме берді.
– Аталған факті тіркелді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, – дейді департаментте.
Көршілер аталған отбасы төрт бала өсіріп отырғанын айтады.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті