Павлодарлықтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

Павлодарлықтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады
Фото: Константин Шелков

Өңірдің қырықтан астам ұйымы жұмыс орындарын ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының хабарлауынша, 24 қазан күні сағат 16:00-18:00-де «Batyr mall» сауда және ойын-сауық орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтеді. 

– Іс-шараға өңірдің 40-тан астам ұйымы қатысады. Олар қызықты және перспективті жұмыс орындарын ұсынуға дайын. Тәжірибеңіз бен мамандығыңызға қарамастан, арманыңыздағы жұмысты таба аласыз, – делінген хабарламада. 

Қосымша сұрақтарды 66-12-52, 8 (776) 815-11-98 нөмірі арқылы қоюға болады.