Кемеңгер ауылында армандар саябағы құрылады (ВИДЕО)

Кемеңгер ауылында армандар саябағы құрылады (ВИДЕО)
pexels.com

Ол Павлодар ауданының 95 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы аудан басшысы Николай Дычко өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

- Павлодар ауданының 95 жылдығына орай Кемеңгер ауылында 95 жас көшеттен тұратын аллея отырғызылды. “JASTAR” аллеясын одан әрі абаттандыру мақсатында “Олжа” жастар бастамаларын дамыту орталығы, “Менің арманымдағы саябақ” жобалар байқауын жариялады, - деп жазды Николай Дычко.

Айта кетелік, аталмыш жоба аясында өңір тұрғындары өз жұмыстарын тапсырып, идеяларымен бөлісе алады. 11 қазанда Олжа” жастар бастамаларын дамыту орталығы аталмыш байқауды бастады. Жастардың абаттандыру бойынша идеялары мен ұсыныстары 11 қарашаға дейін қабылданады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Николай Дычко (@nv.dychko)