Кенжекөлде оқушыларды алдаумен алып кетпкеші болған ер адам жазасын өтейді

Кенжекөлде оқушыларды алдаумен алып кетпкеші болған ер адам жазасын өтейді
Фото: Константин Шелков

Сотта ол өз кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Кенжекөлде мектеп ауласында былапыт сөйлеп және кәмелетке толмаған балаларға тиіскен облыс тұрғынына қатысты іс ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша  қаралды.

Сотта 14 қыркүйекте ер азамат Кенжекөл орта мектебінің ауласында айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, кәмелетке толмаған балалардың мазасын алып, сол арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Сот отырысында ер адам құқық бұзушылықты жасауда кінәсін  толық мойындады. Сондай-ақ, оның кінәсі учаскелік полиция қызметкерінің баянатымен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

–        Сот оны ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі  жаза тағайындады,– деді қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінде.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Кенжекөлде мас ер адам бірінші сыныптің екі оқушысын алып кетуге тырысқан.  Жергілікті пабликтерде қыздың анасының бейнеөтініші таралды. Ол облыс әкіміне және білім беру басқармасының басшылығына балалардың қауіпсіздігі үшін мектепте күзет қоюды сұрады. Бұл жағдайға Павлодар қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин назар аударып, мектептің күзет жүйесін күшейтуін тапсырған.