Көшеде ішімдік ішкен 1500-ге жуық екібастұздық жауапқа тартылды
Ащы суды қоғамдық орындарда ішкендер қомақты айыппұл арқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері Екібастұз қаласының аумағында қоғамдық орындарда мас күйінде болған 1436 адам ұсталған.
- Мысалы, 4 шілде күні сағат 20:10-да учаскелік полиция инспекторы Беркімбаев көшесіндегі хоккей кортының жанындағы қоғамдық орында 50 және 60 жастағы ер адамдар ішімдік ішкен тұлғаларды ұстаған. Учаскелік инспектор тәртіп бұзушыларды ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін жауапкершілікке тартты, - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
Полицейлер осы бұзушылық үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын еске салады.