Ленин кентінде үш адам жану өнімдерінен уланып қалды
Барлығына жеңіл дәрежеде улану диагнозы қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 103 қызметі Ленин кентінен түскен шұғыл шақыруды пысықтады.
– Үш адам пешті жаққаннан кейін жану өнімдерінен уланған. Хабарлама өткен жексенбіде сағат 17:58-де түсті. Дәрігерлер алты минуттан кейін мекенжайда болды. 13 жасар қыз бен 15 жасар бала облыстық балалар ауруханасына, 42 жастағы әйел №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, – деді станцияда.
Олардың барлығына жеңіл дәрежеде улану диагнозы қойылды.