Павлодар облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жалғасуда
Бүгінде 14 гидропост орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс аумағында су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. 14 гидропост орнатылды, Ертіс өзеніндегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
- Қолданыстағы үйінділерді нығайту мақсатында 64350 тонна инертті материал құйылды, 5650 дана қапшық төселді, 13600 дана инертті материал салынған қап дайындалды, - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, қосымша 24808 метр үйінді тұрғызылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Еске сала кетейік, Кенжекөл ауылы мен Атамекен кентіндегі тұрғын үйлерді су басуын болдырмау үшін оларды нығайту мақсатында жыл сайын үйінділерге топырақ әкелу жұмыстары жүргізіледі.
Үйінділерге тексеру жүргізілді. Атамекен кентіне 3000 тоннаға жуық топырақ әкелінді. 50 метрге жуық үйінді нығайтылды. 2000 қап дайындалды. Кенжекөл ауылына 6500 тонна топырақ жеткізіліп, қаптар әзірленіп, үйінділер нығайтылуда.