Ленин кентінде алғаш рет әкім сайлауы өтті
Саяси науқанға мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сайлау 20 тамыз күні болды. Сайлаушылар тізіміне 6651 азамат енгізілсе, оның ішінде 1567-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны 73, «Барлығына қарсы» болғандар саны – 52.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны төмендегідей:
Ибраев С.А. - 1008;
Нұрпейісов Н.Н. - 58;
Омаров А.М. - 376.
Дауыс саны бойынша Ибраев Серік Амангелдіұлы Ленин кентінің әкімі болып сайланды.
Серік Амангелдіұлы 1968 жылы туған. Жеке кәсіпкер. Павлодар қаласы Ленин ауылында тұрады. Ол өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ.