Мария Мудряк UNICEF Friend атағына ие болды

Мария Мудряк UNICEF Friend атағына ие болды
Фото: @unicefkazakhstan

Опера жұлдызы ЮНИСЕФ миссиясына қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мария Мудряк Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы балаларға көмек көрсетудің халықаралық төтенше қорының гала кешіне қатысты. Өнерпаз осылайша балалардың психикалық денсаулығын қолдауға 283 миллион теңге жинауға көмектесті.

Енді Мария инклюзивті білім беру, ерте жастағы даму мен еріктілер қозғалысын дамытуға өз үлесін қоспақ.

«ЮНИСЕФ-тің бір бөлігі болу - мен үшін үлкен мәртебе. Мен өз дауысымды тек сахнада ғана емес, әр баланың мүмкіндігі тең болуы үшін пайдаланғым келеді. Себебі балалар - біздің болашағымы, - дейді Мария.

Бүгінде ЮНИСЕФ ұйымының өкілдіктері 200-ге жуық елде жұмыс істейді. Қордың 80 жылдық тарихында жұлдыздардың қолдауы  миллиондаған баланың өмірін өзгертуге көмектесетін үлкен күшке айналды. Енді танымал жерлесіміз де осы қозғаушы күштің бір бөлігі болды.