Halyq radiosy халықаралық фестивалінің финалистерін кімдер таңдады?

Halyq radiosy халықаралық фестивалінің финалистерін кімдер таңдады?
Фото: Константин Шелков

Ұйымдастырушылар қазылар алқасының құрамы туралы айтып берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Halyq radiosy Павлодар облысының ақпараттық нарығында 1938 жылдың 16 наурызынан бастап жұмыс істейді. Радионың мерейтойына орай «HALYQ DAUYSY» халықаралық музыкалық байқауы 2022 жылдың 1 қазанда басталған болатын. Өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 15 қаңтарына дейін жалғасты. Қазақстан, Ресей және Моңғолияның әртүрлі қалаларынан 100-ден астам адам шақырылды. Финалдық бәсекеде 22 қатысушы 3 миллион теңгеге таласатын болады. 

– Радионың басты мақсаты – таланттарды қолдау. Қатысушылардың көпшілігінде музыкалық білім жоқ. «HALYQ DAUYSY» халықаралық байқауына қатысып, жеңіске жету олардың музыкалық шығармашылығына жол ашатынына сенімдіміз, – дейді ұйымдастырушылар. 

Фестивальдің екі кезеңде онлайн режимінде өтті. Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Салықов, Клара Төленбаева, Auka деген атпен танымал эстрада әншісі Ауғантай Иса сынды қазылар алқасы анықтады. Қазылар алқасының төрағасы – белгілі опера әншісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілов.

Финалистер мен жеңімпаздар Ertis Promenade сахнасында өтетін қорытынды гала-концертке қатысады. Фестивальдің басты қонақтары – қазақ эстрадасының жұлдыздары Мирас Жүгінісов, әнші Yenleak және танымал қазақстандық шоумен, «Спарта» командасының капитаны Данияр Жұмаділов. Сондай-ақ Моңғолиядан арнайы шақырылған қонақтар - Adai, Hatikoali триосы көрермендерді өз өнерлерімен қуантпақ.

Гала-концерт 26 мамыр күні сағат 19:00-де өтеді.

Еске салайық, жобаның финалистерімен танысуға болатын байқау күнделіктері Instagram желісіндегі @halyqradiosy парақшасында жарияланған.

 Шараның бас серіктесі - «KAZ MINERALS» тобы