Майқайың кентінің балалары кәсіби музыкалық колледжде білім алады

Майқайың кентінің балалары кәсіби музыкалық колледжде білім алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар қаласындағы музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені мен Майқайың балалар өнер мектебі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Келісімнің мақсаты – аймағымыздағы жас өрендерді кәсіби музыкалық өнерге толыққанды даярлау. Ынтымақтастық аясында бүгінде өнер мектептерінде білім алып жатқан талантты оқушылар білімінің келесі сатысын кәсіби музыкалық колледжде жалғастыратын болады.

Бұл меморандум оқушының үздіксіз білім алуын, бойында қалыптасқан музыкалық білімін әрі қарай дамытып, орындау әдістерін игеруді мақсат тұтады. Сондай-ақ меморандумға сәйкес, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жұмыстарына, оқулықтар мен кітапханалық ресурстарға, материалдық-техникалық базаны дамыту жұмыстарына баса назар аударылады,  – деді өз сөзінде кешен басшысы Серік Сыздыков.

Сондай-ақ, алдағы уақытта өнер мектептерінің кәсіби біліктілігін көтеру үшін семинар, шеберлік сыныптары, лекция, концерттер ұйымдастырылады.

Шара колледж оқытушыларының шеберлік сағаттарымен жалғасты. 

Айта кетейік, қазіргі таңда өнер мектебінде 370-тен астам оқушы білім алады.