Майқайың шахтасында жарты ғасырдай еңбек еткен ардагермен жұмыс талқыланды
«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Геосканерлеудің көмегімен автобустың болжамды орны анықталды, оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шұңқырдың түбінен шамамен 5 метрді құрайды. Арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасуда. Барлығы 37 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.
– Бүгін жедел штабтың отырысында 51 жыл кенші болып еңбек еткен, соның ішінде «Майқайың-алтын» АҚ шахталарында 42 жылдан астам жұмыс істеген ардагер Иван Борисович Терешковпен әрі қарайғы іс-қимылдар барысын талқыладық, – деп жазды облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.
Сондай-ақ, мамандар топырақ қабатын екінші мәрте сканерледі, оның нәтижелері бойынша іздестіру жұмыстарының барысы айқындалатын болады.
Іздестіру жұмыстарына 139 адам, 47 техника жұмылдырылған. Жоғалған адамдарды іздеу тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram