Май ауданында құрғақ шөп жанып жатыр
![Май ауданында құрғақ шөп жанып жатыр](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202307/image_750x_64ad6d792cbe3.jpg)
Тілсіз жау алдын ала болжам бойынша шамамен 173 гектар жерді шарпыған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 11 шілдеде 112 пультіне сағат 14:58-де Май ауданы, Кентүбек ауылының маңында ашық аумақта 4 шашыраңқы ошақта құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.
- Өрт сөндірушілердің күш пен құралдары Май ауданындадағы құрғақ шөптердің жануын ауыздақтау үшін іске кірісті, - делінген хабарламада.
Бұл жерде ерікті өрт құралымдары мен мемлекеттік мекеменің 45 адамы және 12 бірлік техника жұмыс істеуді.