Май ауданында аудан әкімінің халықпен есептік кездесуі өтті
Май ауданында жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы ашық диалог жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудан әкімі Қадылжан Сатиев 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын таныстырып, алдағы жоспарлар туралы айтып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Алғашқы есептік кездесулер Үлкен Ақжар, Қаратерек және Май ауылдарында өтті. Сондай-ақ аудан басшысы Саты ауылдық округінің тұрғындарымен де жүздесті.
Қадылжан Сатиевтің айтуынша, мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – халықпен тікелей байланыс орнатып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді талқылау.
Кездесу барысында азаматтар жергілікті атқарушы органдардың назарын қажет ететін бірқатар мәселе мен ұсыныстарын жеткізді.
Тұрғындардың барлық өтініштері бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, көтерілген мәселелерді қарастырып, қажетті шаралар қабылдау жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырылды.
– Халықпен ашық диалог – жергілікті мәселелерді тиімді шешудің және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды тетігі, – деді Қадылжан Сатиев.
Есептік кездесулер атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарумен қатар, өзекті мәселелерді дер кезінде айқындауға, шешім қабылдау кезінде тұрғындардың пікірін ескеруге және билік пен халық арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.