Павлодар облысында келер қыс қандай болмақ?

Павлодар облысында келер қыс қандай болмақ?
Фото: Константин Шелков

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 жыл ішіндегі орташа температуралық көрсеткіштермен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Желтоқсан айында орташа айлық ауа температурасы қалыпты болады деп күтілуде. Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп болжануда.

Қаңтарда да орташа айлық ауа температурасы қалыпты болады.  Қыстың екінші айында жауын-шашын мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан көп түседі.

Ақпан айында орташа айлық ауа температурасы қалыпты болады және жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжануда. 

Синоптиктер 1991-2020 жылдар аралығында желтоқсан – ақпан айларындағы орташа ауа температурасын анықтады: желтоқсанда -10,3…-14,4°С, қаңтарда -13,0…-17,8°С, ал ақпанда -11,9…-15,9°С.

Айта кетейік, өңірде 20 жылдағы ең ыстық жаз мезгілі 2023 жылда болды. Маусымнан тамыздың ортасына дейін ауаның максималды температурасы күндіз +25...+30°С -қа дейін, кейде +34...+39°С -қа дейін көтерілді.