Май ауданының бес ауылында шағын футбол алаңдары салынады

Май ауданының бес ауылында шағын футбол алаңдары салынады
Фото pixabay.com

Бұл ауылдарда спорт алаңдары жоқ болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Май ауданының әкімі Қадылжан Сәтиев «Май ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында 2025 жылға жоспарланған жобаларға тоқталды.

–  Ақшиман, Ақжар, Май, Майтүбек, Жұмыскер ауылдарында шағын футбол алаңдарын салу жоспарлануда. Мердігер ұйым анықталды, – дейді ол. – Сонымен қатар, Көктөбе ауылында бассейн құрылысы салынады және орталық жылу беру трассасының реконструкциясын жасау жоспарланып отыр.

Былтыр жеңіл атлетикадан ардагерлерарасында Павлодар қаласының ашық біріншілігінде спорт адагері, палуан, спортжанашыры, жасөспірімдер волейбол тобының бапкері Ботабай Қабыкен қатысып, жарыстың үш түрінен алтын, күміс, қола жүлдегер атанды.

Астана қаласында өткен әуесқойлар арасындағы жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының біріншілігіне 14 облыстан үш қаладан жалпы 350 адам қатысқан. Май ауданының намысын қорғағағ Қабыкен Ботабай сайыстың алты түрінен қатысып, үш алтын, күміс және қола жүлдегер атанған.

Еске сала кетейік, Май ауданында оннан аса шаруа қожалығына жабылып қалу қаупі төніп тұр. Олар жердің жалға алу мерзімін ұзарта алмай отыр.