Май ауданының тұрғыны досын капотқа отырғызып сүйреткен (ВИДЕО)
Жүргізуші басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күн сайын @dp_pavlodar парақшасының директіне бей-жай қарамайтын азаматтардан жол қозғалысы ережелерін бұзған видеолар мен фотосуреттер түседі. Бұл жолы да жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі туралы тағы бір видео түскен.
– Май ауданы ауылдарының бірінде жүргізуші ауыл тұрғынына капотта жатып автокөлікпен жүруге рұқсат бергені анықталды. Сонымен қатар, ВАЗ-2112 маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші де көлігімен дрифт жасаған. Жүргізуші өзінің рұқсат етілмеген әрекеттерімен басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді, – деді департаментте.
Апатты жағдай туғызып, жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram