Маймыл шешегі: Елге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу үшін шаралар қабылданды
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады.
Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады.
Министрлік инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
- Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Вирус жұқтырған маймылдармен, егеуқұйрықтармен және басқа жануарлармен байланыста болуы мүмкін.
- Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.
- Гигиенаны сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
- Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес беріледі.
Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгіну керек. Егер бөртпе, жоғары температура және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгінген дұрыс.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда және кез келген өзгерістерге жедел ден қоюға дайын.