Мектептегі зорлық-зомбылық: Павлодардағы білім ошағына тексеру тағайындалды

Мектептегі зорлық-зомбылық: Павлодардағы білім ошағына тексеру тағайындалды
pexels.com

Болжам бойынша, балаға өзі оқитын мектептің оқушысы шабуыл жасаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Баланы қорлау туралы ата-аналар қалалық мәслихат депутатына мәлімдеді. Автор мектеп оқушысы жоғары сынып оқушыларынан зардап шеккенін айтқан.

Осы оқиғаға қатысты қалалық білім бөлімінде 6 қарашада іс тіркеліп, тексеріс жүргізілуде. Білім бөлімінің, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, ювеналды полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы мектепке барған. Мәселе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады. Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидова бұл істі жеке бақылауға алды.

Ал аталған іске қатысты полиция департаменті әзірге үнсіз.