Екібастұз маңында екі көлік соқтығысып, жолаушылар ауруханаға жеткізілді
Басып озу кезінде Chevrolet көлігі қарсы бағыттағы Toyota-мен соқтығысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 қазанда «Екібастұз – КП Батыр» автожолында жол-көлік оқиғасы тіркелді.
– Chevrolet Cobalt маркалы көліктің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, басып озу маневрін жасаған кезде қарсы бағыттағы Toyota Camry автокөлігімен соқтығысып қалды. Соқтығыстан кейін Chevrolet көлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, жол жиегіндегі сыртқы жарықтандыру шамына соғылған, – деді департаментте.
Оқиға салдарынан Chevrolet көлігінің жолаушылары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазір жол апатының мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде.