Мереке күні Павлодар облысының басым бөлігінде күн ашық болады
22 наурыз күні өңірде жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша,еліміздің аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, ашық және жылы ауа райы болады деп күтілуде. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында төменгі атмосфералық қысым аймағымен бұлтты ауа-райы басым болады, найзағаймен жаңбыр жауады.
Павлодар облысында көшпелі бұлт шығады. Жауын- шашын күтілмейді.
Ауа температурасы түнде -7…-12, облыстың батысында -15, күндіз 0 …+5 градус болады. Ал батыс бөлігінде -3 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды.