Павлодарда депутаттар оңалту орталығын қайта жаңғырту жұмыстарына көңіл аударды

Павлодарда депутаттар оңалту орталығын қайта жаңғырту жұмыстарына көңіл аударды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жобаның жүзеге асырылу барысы партиялық органдардың тұрақты бақылауында болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Асылбек Туғанбай және филиалдың атқарушы хатшысының орынбасары Айнұр Мұхамедьярова партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасына енгізілген нысан – облыстық оңалту орталығына мониторинг жүргізді.

Сапар барысында қатысушылар атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жағдайымен танысты. Бүгінгі таңда нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, демонтаждау жұмыстары басталды.

Құрылыс жұмыстарымен «MGS Story GROUP» ЖШС мердігер ұйымы айналысады. Мониторингке сондай-ақ партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенко және облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Мердігердің айтуынша, бекітілген кесте сақталған жағдайда қайта жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.