Мызғымас рух: Павлодарда «Жан шуақ» сыйлығына үміткерлер марапатталды
Биыл бұл сыйлықты алуға 15 жерлесіміз өтініш берген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Астана қаласында «AMANAT» партиясының қолдауымен қазақстандық мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған «Жан шуақ» 15-қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Жыл сайынғы жобаның мақсаты –мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына назар аудару, оларды шешу жөніндегі жұмысты күшейту және үйлестіру, жеке даму үшін жаңа мүмкіндіктер беру және олардың таланттарын ілгерілету.
Іс-шараға мүгедектігі бар, елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын, түрлі конкурстарда, турнирлерде және жарыстарда жүлделі орындарға ие болған адамдар қатысты. Биыл Павлодар өңірінен 15 адам өтініш берген.
– Биылғы жылы біздің қатысушылар жүлделі орындарға ие болмағанына қарамастан, сіздердің барлығыңыз – лайықты кандидаттар және жеңімпаздарсыздар. Павлодарлықтар мәдениет, спорт, білім беру салаларында үнемі жоғары нәтижелер көрсетіп отырады. Сіздердің әрқайсыңыз рухтың мызғымас күшіне ие және лайықты үлгі болып табыласыздар, – деп атап өтті партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова.
Қатысушыларға Қазақстан мүгедектер конфедерациясы президентінің атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Биылғы жылы «Жан шуақ» сыйлығының ең жас ізденушілерінің бірі – Евгеньевка ауылының Гагарин атындағы мектептің 3-сынып оқушысы Мирас Бейсенбай. Бочча спортына, жүзуге және шахматқа белсенді қатысатын жеткіншек бірқатар марапаттар мен медальдарға ие.
– Мен бочча сияқты спорт түріне қатысуға көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға назар аударған жандарға алғыс айтқым келеді. Белсенді болудан, жарыстарға қатысудан, жаңа нәрсені үйренуден қорқудың қажеті жоқ, – деді кішкентай спортшы.
Кездесу барысында қатысушыларға «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының іске асырылуы және өңірлік кеңестердің қызметі туралы айтылды.