Мәжіліс депутаты Павлодардың бірінші қалалық ауруханасын аралады
Кейін оның қатысуымен «AMANAT» партиясының облыстық филиалында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2023 жылы басталған Павлодардың бірінші қалалық ауруханасын күрделі жөндеу ісі «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық сақтау кеңесі, сондай-ақ партияның әйелдер қанаты бақылауында. Отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким ауруханадағы жөндеу жұмыстарының сапасына өз бағасын берді.
- Бірінші қалалық аурухананы күрделі жөндеу – өңір үшін өте маңызды және қымбат жоба, - дейді Вера Ким. – Біздің бүгін көргеніміз осыған дейін көргенімізден аспан мен жердей. Бұл жолы біз операциялық бөлімге барып, гибридті операция бөлмесінің қалай іске қосылып жатқанын көрдік. Мұндай жақсы мүмкіндіктер қазір Павлодарда да пайда болды. Менің білуімше, бұл еліміздегі осындай үшінші аурухана ғана.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашевтың айтуынша, қалалық аурухананы қайта жөндеудің бірінші кезеңі 2025 жылдың алғашқы тоқсанында аяқталады. Жобаның жалпы құны 12,4 млрд теңгені құрайды. Алда жөндеудің екінші кезеңі тұр.
Партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын орындауға келетін болсақ, оның 2024 жылы 30 ауылда денсаулық сақтау нысандарын салу туралы пункті толықтай іске асты десек болады. Тек Мыңкөл, Ивановка, Құркөлдегі құрылысы аяқталмаған дәрігерлік пункттер, сондай-ақ Үштерек ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт пен Ленинодағы дәрігерлік амбулатория ғана аяқталмаған.
- Бұл қаржыландыруға, сондай-ақ барлық бес нысанға жауапты мердігер «Қайрат и К» компаниясының жұмысына байланысты. Құрылыс үнемі қадағаланып, оларға мемлекеттік әкімшіліклер бекітілген, — деді Әнуар Бұйрашев.
Жоспар бойынша облыстық балалар ауруханасының жаңа ғимаратын, кардиологиялық орталықтың консультациялық-диагностикалық бөлімшесін салу, Ақсу қаласындағы қалалық аурухананы қайта жөндеуден өткізу көзделуде. Барлық нысандардың мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттары бар. Қаржы бөлінгеннен кейін оларды іске асыру 2025-2026 жылдары басталады.