«Наурыз Жұмыскер»: Павлодарда қанша өтінім қабылданған?

«АМАНАТ» партиясының облыстық филиалында облыстық жастарды қолдау кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Отырыста өңіріміздің жастарына арналған тұрғын үй бағдарламаларының іске асу барысы және нәтижелері туралы талқыланды.
Кеңесте облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының өкілдері қатысып, баяндама жасады.
– «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасына өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлері қатыса алады, – дейді «Отбасы банк» АЖ-ның бизнес дамыту бөлімінің бастығы Арман Нұрғаламов.
Өңірде аталған бағдарлама бойынша жалпы сомасы 4 млрд 122 млн теңгені құрайтын 174 несиелік өтінім қабылданған.
Бағдарламаның шарттарына сәйкес, несие жаңа санаттағы қабаттар үшін жылдық – 7%, сондай-ақ барлық қалған санаттар үшін 9% мөлшерлемемен беріледі. Бастапқы төлем несие сомасының 10% құрайды. Пәтер таза әрленген жаңа ғимаратта енгізілсе, қайталама нарықтан пәтер сатып алсаңыз, бастапқы жарна 20% болады.
– Сондай-ақ, бұл бағдарламаға қатысушылар ҚР аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алуға қатыса алады, – дейді ол. – Яғни, Павлодар облысының тұрғыны бола отырып, Астанадан, Алматыдан пәтер сатып алуға болады.
Несие сомасына шектеулер бар. Мысалы, өңіріміздегі несиенің ең жоғары сомасы 30 млн теңгеге дейін жетеді. Басқа аймақтарда, мысалы, Алматы, Астана қалаларында – 36 млн теңге. Облыс орталықтарынан пәтерді тек жаңа ғимараттардан сатып алуға болады.
– Бұл бағдарламаға 18 - 63 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Сондай-ақ бес жыл бойы атыңызда баспана болмауы тиіс, – деді ол.
Өңірімізде «Достық» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды түрде мемлекеттік бағдарлама бойынша дамуда. Бағдарламаға қатысу үшін 25 мамырдан бастап кезекке тұруға болады.
Еске сала кетейік, қаржы институты арқылы облыс орталығында үш тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер сатылымға қойылады. Банк қызметкерлерінің ақпараты бойынша, баспаналар Усолка шағын ауданы, Шевченко-Катаев көшелерінің қиылысы мен Лермонтов көшесінің бойында орналасқан.