Нейрожелі мен трендтер: Павлодарлық авторлар ауқымды медиа форумға қатысты

Нейрожелі мен трендтер: Павлодарлық авторлар ауқымды медиа форумға қатысты
Фото: instagram / astanamediaweek

Астана  жыл сайын өткізіліп жатқан медиа форум өз мәресіне жетті. @Pavlodarnews.kz тілшісі журналистер, инфлюенсер мен блоггерлерді жинаған маңызды шараның куәсі болып, медиа аптаның барлық конференцияларына қатысты.

20-22 қыркүйек аралығында Astana Media Week 2023 медиа апталығы өтті. Үш күн бойы жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар күн сайын өзгеріп жатқан медиа нарықта бейімделу және қиындықтарға қарамастан қызметті жетілдіру әдістерін талқылады. Бұл форум Қазақстанда жетінші рет ұйымдастырылуда. Биылғы жылдың тақырыбы– «MEDIA power: TRENDS, CHANGES, ETHICS» (Медиа күші: үрдістер, өзгерістер, этика) деп аталды. Оған журналистер, блогерлер, инфлюенсерлер, баспасөз, жарнама қызметкерлері, продюсерлер, редакторлар қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева шараны салтанатты түрде ашты.

– Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатысты. Салада үздіксіз трансформация және цифрландыру әдістері, жаңа платформалар, коммуникация және хабарлама беру құралдары үнемі өзгеріп отырады. Мұның БАҚ-ты инновацияларға бейімделуге, үнемі дамып, жетілдіріліп отыруға итермелейтіні анық,– деді министр құттықтау сөзінде.

Медиа апталықтың бірінші күні цифрлық жауапкершілік және БАҚ қауіпсіздігі тақырыбындағы пленарлық отырыспен басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов онлайн-платформалар туралы жаңадан бекітілген заң туралы сөз етті.

«Медиа трансформация» тақырыбындағы панельдік сессия БАҚ саласындағы қайтымсыз өзгерістер тақырыбына арналды. Оның қатысушылары әлеуметтік желілер неге дәстүрлі БАҚ-ты ығыстыруда, қағазға басып шығарылатын баспасөз дәуірі аяқталды ма, журналистердің сөз бостандығы азая ма және жақын арада «медиа қызметкерлерін» қандай заңнамалық жаңашылдықтар күтетінін талқылады.

«Қазіргі заманғы телевидениенің цифрлық контурындағы жарнама» панельдік сессиясына қатысушылар контекстік жарнама мен агрессивті маркетингтің үстемдігі кезінде теледидар аудиториясының назарын қалай аударуға болатынын талқылайды. Сондай-ақ, диджитализацияның медиа жарнама нарығына әсері және жарнама стратегиясындағы соңғы трендтері сөз етілді.

Сыни тұрғыдан ойлау тақырыбындағы Media Talks бейресми конференциясында ақпараттық соғыстар мен фейк жаңалықтар сияқты маңызды қоғамдық әлеуметтік тақырыптар қозғалды. Тәжірибелі сарапшылар хайп, кликбейт, фейктер, сондай-ақ цифрлық ортадағы журналистердің жаңа этикасы мен кәсіби мінез-құлқы туралы сөз қозғады. 

Спикерлер қатарында қазіргі заманғы креативті және медиа индустриясының өкілдері: танымал режиссерлер, фотографтар, журналистер мен продюсерлер бар. Оның бірі режиссер және сценарист, Cannes World Film Festival «Үздік музыкалық клип режиссері» сыйлығының иегері Малик Зенгер жасанды интеллект медиа қызметкерлері мен журналистерді жұмыссыз қалдыра ма деген сұраққа қатысты өз ойын жеткізді. 

– Жасанды интеллект дәуірі басталды. Көбі нейрожеліге қауіппен қарайды, олар нейротехнологиялар көптеген мамандықтарды алмастырады, уақыт өте келе адамзатты ығыстырып жібереді деп ойлайды. Нейрожелі желі - бұл адамның одан әрі технологиялық дамуы,– деді Малик Зенгер

Сондай-ақ Astana Media Week алаңдарында ашық және жабық питчингтер өтті. Контент-мейкерлер өз жаңалықтарын жетекші БАҚ пен корпорациялардың басшыларына таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Ашық алаңда алғаш рет тәуелсіз подкаст авторлары мен диджитал контент иелері табысқа жетудің жолымын бөлісті. Олардың ішінде: Dope Soz, Взлетаем, AbayLIVE, На волнесияқты танымал подкасттардың негізін қалаушылар болды.Олар жай ынта-жігерден бастап, подкаст индустриясын қалай құруға болатыны туралы айтып берді.

Astana Media Week апталығының екінші күні диджитал көрмесімен ашылды. «Альтернативная реальность» – Суретші Юлия Кравченко жасанды интеллектті пайдалана отырып, Қазақстанның болашағын көрсеткісі келген. Оның туындыларынан қазақтың қыздарын ғарыштағы суреттерін көруге болады.

– Бұл көрме - көп жылдық жұмыс пен зерттеудің нәтижесі. Мен болашақ, ондағы орнымыз және технологияның бұл әлемді қалай өзгерте алатыны туралы ойлануға итермелейтін өнер туындыларын жасау үшін жасанды интеллектті қолдандым, – деді көрме авторы.


Медиа аптаның екінші күнінде өңірлік БАҚ тілшілеріне жеке сессиялар өткізді.Ол жердежергілікті аймақтарда жұмыс істейтін тілшілердіңәлеуеті мен болашағы талқыланды. Спикерлердің бірі–Arasha.kz өкілі Өміржан Әбдіхалық аймақ тілшілердің қазақ журналистикасындағы рөлін ерекше атап өтті.

– Аймақтарда интернет сайттардың дамуы соңғы бірнеше жылда жақсы деңгейге жетті деп айтуға болады. Оған мысал ретінде Батыс Қазақстанды, Петропавл, Павлодар, Өскемендегі порталдарды айтуға болады. Олардың ең басты ерекшелігі–республикалық баспасөздері жергілікті жердегі көтермейтін, немесе маңызды емес деп санайтын тақырыптардың барлығы өңірлік интернет порталдарда шығады, – деді Өміржан Әбдіхалық.

Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджанның сөзінше, аймақтағы тілшілер көтеретін мәселелерді олардан артық ешкім білмейді.

– Бәрібір де аймақ өзінің газетіне, тілшісіне сенеді. Одан артық Астанадағы мемлекеттік телеарналар сол аймақтағы, ауылдағы мәселелерді сіздерден жақсы жазып бермейді,– деді ол.

Ерболат Мұхамеджан болашақ журналистерді дайындау мәселесін де қозғады.

– Болашақ маман иелеріне қажетті, пайдалы кітпатардың басым бөлігі ағылшын тілінде екені рас. Бұл кітаптарды аудару үшін кемінде екі-үш жыл кетеді. Ал бәсекеге қабілетті ортада ағылшын тілін білу маңызды. Журналистерді оқытуға үш жыл жеткілікті. Университетте оларды оператор, тележүргізуші, газет тілшісі деп бөлу дұрыс емес. Конвергентті болу үшін журналистің бойында бірден барлық қасиеттер болу керек,– деп атап өтті Ерболат Мұхамеджан.

Бүгінде дәл осындай тәжірибені TARAZ24 телеарнаның тілшілері қолданып келеді. Телеарнаның директоры Зарина Қуатованың сөзінше, жан-жақты журналистерді штатқа алу өте тиімді шешім.

–Бізде сюжетті жазып, түсіріп, кейіннен эфирге шығатын материалды монтаждайтын үш тілші жұмыс істейді. Бір тілші үш маманның міндетін атқарып жүр. Әрине, жалақысы да үш есе көп алып отыр,– деді Зарина Қуатова.

Форумның соңғы күнінде Павлодар облысының баспасөз хатшылары өздеріне арналған семинарларға қатысты. Оларды ақпаратты іздеудегі заманауи дағдыларына, факт-чекингке үйретті.

Айта кетейік, Astana Media Week форумына екі мыңнан астам қонақ, қазақстандық және шетелдік 60 медиа индустрияның топ-менеджерлері, 20-ға жуық республикалық телеарна және 50-ден астам продакшн-компания қатысты.

Еске сала кетейік, Astana Media Week «Urker-2023» республикалық сыйлығының финалистерін марапаттаумен аяқталды. «Жылдың үздік фотосуреті» номинациясында павлодарлық журналист Валерий Бугаевжеңімпаз атанды.