Павлодарда сотталғандар балалар үйіне жұмсақ жиһаз жасады

Павлодарда сотталғандар балалар үйіне жұмсақ жиһаз жасады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сондай-ақ экологиялық ойыншықтар сыйға тартты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №45 мекемесінде жазасын өтеушілер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап өз қолдарымен жұмсақ жиһаз бен экологиялық таза ойыншықтар жасап, сыйға тартты.  Сотталғандар балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығын ескеріп, табиғи материалдарды пайдалану арқылы жұмсақ жиһаздар мен ойыншықтар дайындады. Мұндай өнімдер балалардың күнделікті өміріне қажетті әрі олардың дамуына оң әсер ететін бұйымдар болып табылады.

Бұл игі іс-шара балаларға қуаныш сыйлау және сотталғандарды қоғамға пайдалы еңбекке тарту мақсатында ұйымдастырылды. Мекеме қызметкерлері балалар үйіне арнайы барып табыстады. Балалар мен тәрбиешілер қонақтарды жылы қабылдап, алғыс білдірді, – дейді облыстық ҚАЖД-де. 

Мекеме қызметкерлері балалармен бірге түрлі ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді. Сондай-ақ, олар балаларға заңға бағынудың маңыздылығы туралы әңгімелеп, болашақта жақсы азамат болуға шақырды.

ҚАЖ қызметкерлері алдағы уақытта да игі істерді жалғастырып, балаларға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.